Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаменті, Өнеркәсіптік Қауіпсіздік басқармасының Тау-кен металлургия өнеркәсібіндегі мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы санаты C-O-5 (Функционналдық блок А)

Мемлекеттік орган

Ұлытау облысының Төтенше жағдайлар департаменті

Аймақ

Ұлытау облысы

Санат

С-О-5 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

226837

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (білім беру саласы)
  • Инженерия және инженерлік іс
  • Өндірістік және өңдеу салалары
  • Стандарттау, сертификаттау және метрология

Қосымша талаптар

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Функционалды міндеттер

 Жезқазған өңірінің қадағалауға алынған тау-кен, байыту және металлургия, химия (прекурсорлар) өнеркәсібінде, қалдық қоймаларының жай-күйіне қауіпсіз жұмыс жүргізілуіне қадағалауды тексеріс жүргізіп, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беру арқылы жүзеге асырады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін ерекше жағдайларда жеке кәсіпкерлердің, ұйымдардың қауіпті өндірістік объектілерді, техникалық құрылғыларды пайдалануға байланысты қызметін немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұрады немесе оған тыйым салады. ҚР заңнамасына сәйкес сот инстанцияларына талап арыз береді. Өз құзыреті шегінде мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қауіпті өндірістік объектідегі аварияларды, жазатайым оқиғаларды тергеуге қатысады. Қауіпті өндірістік объектіні пайдалануға беру кезінде қабылдау сынақтарына, техникалық куәландыруға қатысады. Қауіпті өндірістік объектілерді, қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асырады. Қауіпті өндірістік объектіде оқу дабылдарын жүргізуге қатысады. Құрылысқа арналған жобаны келіседі және қауіпті өндірістік объектілердің пайдаланылатын өндірістік ғимараттардың, технологиялық құрылыстардың және техникалық құрылғыларының жай-күйін бақылауды жүзеге асырады; қауіпті өндірістік объектілердің өндірістік ғимараттарының, технологиялық ғимараттарының сараптамасының уақтылы жүргізілуін бақылайды. Қауіпті өндірістік объектіні пайдалануға беру кезінде қабылдау сынақтарына, техникалық куәландыруға қатысады. Қазақстан Республикасының Заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 09.04.2025

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

10.04.2025 – 18.04.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Ұлытау облысының төтенше жағдайлар департаменті

Анықтама алу үшін байланыс

100027, Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Тарадая 6 көшесі, анықтамалар үшін телефон
8(7102) 72-14-82 (қосымша телефон 31-204)