Волейболдан және арқан тартудан Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің XIV қысқы спартакиадасы
2025 жылғы 19-21 ақпан аралығында Қарағанды қаласында волейболдан және арқан тартудан Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің XIV қысқы спартакиадасы өтеді.
Спартакиадаға Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінен 25 команда қатысады.
Спартакиаданың салтанатты ашылу рәсімі 2025 жылғы 20 ақпанда сағат 09:00-де «Жастар» спорт кешенінде (Қарағанды қ., Казахстанская көшесі, 1/4) өтеді.
Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз, ал сіздерді жарысты көруге, спорттық рухты қолдауға және командаларға жанкүйер болуға шақырамыз!
Басталу уақыты
19 ақпан 2025
Соңғы күні
21 ақпан 2025
Өткізу орны
Қарағанды қ., Казахстанская көшесі, 1/4
Оқиға түрі
Спартакиада