Дауылды ескертулер
Көру саны:6
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Алматы қ.: 17 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.
Шымкент қ.: 17 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.
17 қарашада Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с, күндіз екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі.
17 қарашада түнде және таңертең Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
17 қарашада түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с, облыстың шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 17 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.
17 қарашада түнде және таңертең Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
17 қарашада Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күтіледі.
17 қарашада түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.
17 қарашада Павлодар облысының батысында, шығысында, орталығында тұман күтіледі.
17 қарашада түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
17 қарашада күндіз Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман.
17 қарашада түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с.
17 қарашада Ұлытау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
17 қарашада түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.
17 қарашада түнде Ақтөбе облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.
17 қарашада түнде және таңертең Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.
17 қарашада түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында тұман күтіледі.
17 қарашада Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
17 қарашада түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
17 қарашада түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.
16 қараша 2026
16 қараша 2026