Дауылды ескертулер

Қазақстан Республикасы бойынша 2026 жыл 27 қазанда күтілетін ауа райының
қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы дауылды ескертулер

27 қазанда түнде Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі.
Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
Павлодар қ.: 27 қазанда тұман күтіледі.

27 қазанда Алматы облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.  Түнде облыс бойынша 1-6 градус үсік күтіледі.
Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Алматы қ.: 27 қазанда түнде 1-3 градус үсік күтіледі.
Жоғары өрт қаупі күтіледі.
Қонаев қ.: 27 қазанда түнде 2-4 градус үсік күтіледі.
Жоғары өрт қаупі күтіледі. 

27 қазанда түнде және таңертең Жетісу облысының  таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Түнде 2-7, облыстың орталығында 11 градус үсік. 
Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Талдықорған қ.: 27 қазанда түнде 9-11 градус үсік күтіледі.

27 қазанда күндіз Қызылорда облысының шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 3 градус үсік күтіледі.
Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда қ.: 27 қазанда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Төтенше өрт қаупі сақталады.                                                                         

27 қазанда Түркістан облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы және тау бөтерлі аудандарында 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында 3 градус үсік күтіледі.
Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында, тау бөктерлі аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады.
Шымкент қ.: 27 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан қ.: 27 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.

27 қазанда Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыс бойынша 3-8 градус үсік күтіледі.
Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 27 қазанда түнде 5-7 градус үсік күтіледі.

27 қазанда Маңғыстау облысында шығыстан жел соғады, облыстың  орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтау қ.: 27 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.

27 қазанда түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман күтіледі.
Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

27 қазанда Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

27 қазанда Атырау облысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау қ.: 27 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.

27 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Петропавл қ.: 27 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі. 

27 қазанда түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. 

27 қазанда түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Астана қ.: 27 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

27 қазанда түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
 Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

27 қазанда Ұлытау облысының батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жезқазған қ.: 27 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.

Жарияланған күні

26 қазан 2026

Жаңарту күні

26 қазан 2026