Дауылды ескертулер
Көру саны:5
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойнша дауылды ескертулер
Астана қ.: 20 қазанда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
20 қазанда Жетісу облысының шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
20 қазанда Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 23-28 м/с күтіледі.
20 қазанда түнде Ақмола облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі.
20 қазанда түнде Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, кар), көктайғақ, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, кар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.
20 қазанда түнде Қостанай облысының шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
20 қазанда таңертең және күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
20 қазанда Ұлытау облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
20 қазанда түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-батысында, орталығында екпіні 23-28 м/с.
20 қазанда күндіз Шығыс Қазақстан облысының шығысында, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с.
20 қазанда Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Түнде 2-7 градус үсік күтіледі.
20 қазанда түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың батысында, шығысында 2 градус үсік күтіледі.
20 қазанда күндіз Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
20 қазанда Түркістан облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
20 қазанда Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
20 қазанда Ақтөбе облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
20 қазанда Атырау облысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
20 қазанда Маңғыстау облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
20 қазан 2026
20 қазан 2026