
«Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін ұйымдастыру, бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар кезінде халықты, басқару органдарын құлақтандыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 945 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрілігімен әзірленді.
Жобаны қабылдаудың мақсаты Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 15 наурыздағы Конституциясына сәйкес келтіру болып табылады.
Қоғаммен бұйрық жобаны талқылау үшін 2026 жылғы «28» сәуірде Ашық НҚА сайтында жарияланды (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15816570) және 2026 жылғы «28» сәуірде ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтында орналастырылды.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік және/немесе экономикалық салдарға әкелмейді.