
Дауылды ескертулер
Покровка а. – Есіл ө. (Солтүстік Қазақстан обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі бақыланды (тәулік ішінде 19 см). 08:00 жағдай бойынша су деңгейі – 906 см (қауіпті деңгей – 950 см (судың жайылмаға шығуы)). Өзеннің жоғары ағысынан, бүйірлік және жылғалардан еріген қар суы ағындарының жетуі салдарынан өзендегі су деңгейі көтерілді.
Еріген қар суы және бүйірлік ағындардың келіп қосылуына байланысты су деңгейі одан әрі көтеріп, қауіпті дейгейден асуы мүмкін.
Ескерту: қауіпті деңгейден асқан жағдайда өзеннің төменгі ағысында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталуда.
Державинск қ. - Есіл ө. (Ақмола обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда (4 сағат ішінде 9 см). 20:00 жағдай бойынша су деңгейі – 853 см (қауіпті деңгей – 850 см), су нысанының күйі – гидробекетте мұз құбылыстары жоқ (таза). Есіл өзеннің бүйірлік және орта ағысынан еріген қар суы ағынының жету әсерінен өзендегі су деңгейі көтерілді. Су деңгейі одан әрі көтерілуі күтілуде.
Өзен ағыны салдарынан су басу жағдайлары тіркелген жоқ.
Ескертпе: қауіпті деңгейден асқан кезде ауылдың өзінде және ағысы бойынша төмен орналасқан, сондай-ақ өзеннің жайылмалы учаскелерінде орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
Петропавл қ. – Есіл ө. (Солтүстік Қазақстан обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда (тәулік ішінде 8 см). 8:00 жағдай бойынша су деңгейі – 1012 см (қауіпті деңгей – 1050 см). Көрсетілген деңгейге жеткен жағдайда Заречный, Тепличное кенттері және Прибрежное ауылы арал жағдайында қалып, қатынас қиындайды. Есіл өзеннің бүйірлік және орта ағысынан еріген қар суы ағынының жету әсерінен өзендегі су деңгейі көтерілді.
Еріген қар суы ағынының жетуіне, сондай-ақ Сергеев су қоймасы бөгетінің қырынан асып төгілуіне байланысты су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтіледі.
Ескерту: қауіпті деңгейден асқан жағдайда өзеннің төменгі ағысында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталуда.
2025 жылдың 12-16 cәуір аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында жылымықтың әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыз болуынан және жауын-шашынның күтілуіне байланысты (2300 метр биіктігінен жоғары) қар көшкіні қаупі сақталады қар көшкіні қаупі сақталады.
Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.
Каменный Карьер. - Есіл ө. (Ақмола обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі бақыланды (2 сағат ішінде 18 см). 10:00 жағдай бойынша су деңгейі – 715 см (қауіпті деңгей - 808 см), су нысанының күйі – гидробекетте мұз құбылыстары жоқ (таза). Есіл өзеннің бүйірлік және орта ағысынан еріген қар суы ағынының жету әсерінен өзендегі су деңгейі көтерілді. Су деңгейі одан әрі көтерілуі және қауіпті дейгейден асуы мүмкін.
Ескертпе: қауіпті деңгейден асқан кезде ауылдың өзінде және ағысы бойынша төмен орналасқан, сондай-ақ өзеннің жайылмалы учаскелерінде орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
Абай облысында 14-16 сәуір аралығында облыстың басым бөлігінде жаңбыр түріндегі жауын-шашын болжамына байланысты жылғалардан, бүйірлік ағындардан және өзеннің жоғары ағысынан еріген қар суы ағындарының жету салдарынан өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Осыған байланысты су жайылуы мен су басуы мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысында 14-16 сәуір аралығында облыстың басым бөлігінде жауын-шашын (негізінен жаңбыр түріндегі) болжамына байланысты қардың одан әрі қарқынды еруі жалғасады. Еріген қар суының және беткейлік ағындардың қалыптасуы, сондай-ақ жылғалардан, бүйірлік ағындардан және өзеннің жоғары ағысынан еріген қар суы ағындарының жету салдарынан өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Осыған байланысты су жайылуы мен су басуы мүмкін.
Каменный Карьер а. - Есіл ө. (Ақмола обл.) гидрологиялық бекетінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда (2 сағат ішінде 4 см). 16:00 жағдай бойынша су деңгейі – 809 см (қауіпті деңгей – 808 см), су нысанының күйі – гидробекетте мұз құбылыстары жоқ (таза). Есіл өзеннің бүйірлік және орта ағысынан еріген қар суы ағынының жету әсерінен өзендегі су деңгейі көтерілді. Су деңгейі одан әрі көтерілуі күтілуде.
Өзен ағыны салдарынан су басу жағдайлары тіркелген жоқ.
Ескертпе: қауіпті деңгейден асқан кезде өзінде бойынша төмен орналасқан, сондай-ақ өзеннің жайылмалы учаскелерінде орналасқан шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
15 сәуірде түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында, орталығында, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, облыстың шығысында 3 градус үсікке дейін, күндіз 12-17 жылыға дейін төмендейді.
15 сәуірде түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, облыстың шығысында 3 градус үсікке дейін, күндіз 12-17, облыстың шығысында 7 градус жылыға дейін төмендейді.
15 сәуірде Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
15 сәуірде Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақыттарда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.
15 сәуірде Алматы облысында оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
15 сәуірде түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, орталығында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.
15 сәуірде күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 күтіледі.
15 сәуірде түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі. Орал қ.: 15 сәуірде түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде 1-3 градус үсік күтіледі.
15 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі. Петропавл қ.: 15 сәуірде түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.
15 сәуірде түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15 м/с. Түнде облыстың шығысында 1 градус үсік күтіледі. Қарағанды қ.: 15 сәуірде күндіз найзағай күтіледі.
15 сәуірде күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Жезқазған қ.: 15 сәуірде күндіз найзағай күтіледі.
15 сәуірде күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қызылорда қ.: 15 сәуірде күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
15 сәуірде күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 15 сәуірде солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.
15 сәуірде Ақтөбе облысында солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі. Ақтөбе қ.: 15 сәуірде түнде 1-3 градус үсік күтіледі.
15 сәуірде түнде Қостанай облысының батысыңда, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысынла, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында 3 градус үсік күтіледі. Қостанай қ: 15 сәуірде түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
15 сәуірде түнде Павлодар облысында солтүтігінде, оңтүтігінде, шығысында жауын-шашын (қар, жанбыр), күндіз облыстың солтүтігінде, оңтүтігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүтігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.