
Өрт қауiпсiздiгi – адамдардың, мүлiктiң, қоғам мен мемлекеттiң өpттердeн қорғалу жай-күйі
Өрт қауіпсіздігі қағидаларының (2022ж. 21 ақпандағы №55 ТЖМ бұйрығымен бекітілген) 192-тармағына сәйкес вахталық объектілердің үй-жайлары әрбір адамға жеке қорғау құралдарымен қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар, вахталық объектілерге вахталық әдіспен жұмысқа тартылатын қызметкерлердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге (қысқа мерзімге тұруға), сондай-ақ құрылыс техникасына қызмет көрсетуге және тауарлық-материалдық құндылықтардың қорларын сақтауға арналған үй-жайлары, санитариялық, мәдени-тұрмыстық және шаруашылық ғимараттар мен құрылыстар кешені жатады.
Қазіргі уақытта Төтенше жағдайлар министрлігі «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентіне (2021 жылғы 17 тамыздағы №405 ТЖМ бұйрығы) ұғымның өзін ашып көрсете отырып (адамдардың уақытша тұруына және болуына арналған) уақытша мобильді ғимараттармен вахталық үлгідегі құрылыстарға Ф1.2 функционалдық өрт қауіптілігі бойынша кіші сыныпты кеңейту бөлігінде толықтыруларды пысықтауда
Өрт қауіпсіздігі қағидаларының (ТЖМ 21.02.2022 ж. №55 бұйрығымен бекітілген, бұдан әрі - ӨҚҚ) 60-тармағына сәйкес контейнерлер топтарының арасы 18 метрден кем болмауы тиіс (әр топта 10 контейнерден көп емес).
Дегенмен, ӨҚҚ бір топтағы контейнерлердің арақашықтығы бекітілмеген.
«Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» Техникалық регламентінің 5-тармағына сәйкес авариялық шығу – эвакуация жолына, тікелей сыртқа немесе қауіпсіз аймаққа алып келетін, адамдарды құтқару үшін қосымша шығу ретінде пайдаланылатын, алайда эвакуация жолдары мен шығу есіктерінің қажетті саны мен көлемінің өрт кезінде адамдарды қауіпсіз эвакуациялау шарттарына сәйкестігін бағалау кезінде ескерілмейтін шығу жолы (есік, люк).
Жоғарыдағының негізінде, терезе авариялық люктің қызметін атқарады.
Өрт қауіпсіздігі қағидаларының (2022ж. 21 ақпандағы №55 ТЖМ бұйрығымен бекітілген) 192-тармағына сәйкес вахталық объектілердің үй-жайлары әрбір адамға жеке қорғау құралдарымен қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар, вахталық объектілерге вахталық әдіспен жұмысқа тартылатын қызметкерлердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге (қысқа мерзімге тұруға),
сондай-ақ құрылыс техникасына қызмет көрсетуге және тауарлық-материалдық құндылықтардың қорларын сақтауға арналған үй-жайлары, санитариялық, мәдени-тұрмыстық және шаруашылық ғимараттар мен құрылыстар кешені жатады.
Қазіргі уақытта Төтенше жағдайлар министрлігі «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентіне (2021 жылғы 17 тамыздағы №405 ТЖМ бұйрығы) ұғымның өзін ашып көрсете отырып (адамдардың уақытша тұруына және болуына арналған) уақытша мобильді ғимараттармен вахталық үлгідегі құрылыстарға Ф1.2 функционалдық өрт қауіптілігі бойынша кіші сыныпты кеңейту бөлігінде толықтыруларды пысықтауда.