Құтқарушы мамандығы: батысқазақстандық жас тұрғындардың көзқарасы

Облыстың барлық бөлімшелері оқушыларға өз есігін айқара ашып, қайсарлық кәсібінің әлеміне үңілуге мүмкіндік берді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшылар жылы» деп жариялағаны белгілі. Бастаманы қолдау аясында оқушылардың құтқарушы мамандығына деген қызығушылығын ояту және оларды өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың күнделікті жұмыстарымен таныстыру мақсатында кең ауқымды ашық есік күні өткізілді.