Казталов ауданы аумағында тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі айлығы өтуде

Казталов ауданы аумағында тұрғын үй секторындағы  өрт қауіпсіздігі айлығы өтуде

Казталов ауданы аумағында тұрғын үй секторындағы

өрт қауіпсіздігі айлығы өтуде

 

Казталов ауданы аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өрттерде адам өлімін алдын алу мақсатында 2020 жылдың 20 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі айлығы жарияланды. Айлық барысында ауылдарда ТЖ бөлімі және өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен аулааралық шолулар жүргізіліп, ауыл тұрғындарына өрт қауіпсіздігі туралы жадынамалар таратылып түсінік жұмыстары жүргізілуде, жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп тұрмысы нашар және жалғызбасты қариялардың тұрғын үйлерінің өрт қауіпсіздігі жай-күйі тексерілуде. Ауылдық округтерде тұрғындармен өрт қауіпсіздігі тақырыбында жиындар өткізіліп, лекциялар оқылып, нұсқаулар берілуде.   

Күннің салқын кездері тұрғын үй иелері үйді жылыту үшін әр түрлі қолдан жасалған электр жылыту құралдарын, өрт шығуға себепші ақаулы электр желілерін немесе электрқондырғыларды қолданады.

Аудан аумағында көптеген ауылдардағы тұрғын үйлерде өрт қауіпті ошақ, пештері бар, бұндай ошақ пештерді қолдану, қондыру кезінде міндетті түрде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет.  

Пештің горизонталъді және вертикалъді бөлігін 38 см кем болмайтын етіп қалау, еден күймейтіндей пештің алдына көлемі 50х70см қаңылтыр қағу.

Үй жиhаздарын және басқа да жанғыш заттарды ошақ, пештен 20 см қашықтықта орналастыру, тезек немесе ағаш отынды пештің қасына кептіруге тыйым салынады.

Жылу беру мерзімі алдында және осы мезгіл бойы әр 3 ай сайын пеш мұржасын ыс-күйеден тазалау керек

Газ иісіне уланып қалмау үшін уақытылы жылыту пештерін жөндеу, сылау ақтау қажет. Ақаулы газ қондырғыларынан немесе газ баллондардан өрттің шығуы аз емес, газ баллондарды ауыстыру,қолдану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтап мұқият болған жөн.

Әрқашан есіңізде болсын, өртті сөндіргеннен, ескерткен оңай.

Казталов ауданы ТЖБ инженері

азаматтық қорғау кіші  лейтенанты С. Калдыбаев