Сырым ауданындағы дүкеннен шыққан өрт

#ІІМ #ТЖК #БҚО #ТЖД #«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ
Сырым ауданындағы дүкеннен шыққан өрт
2020 жылғы 26 тамыз күні 22 сағат 45 минутта «ҚР ІІМ ТЖК БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ (Орал қ.)» ММ күштер мен құралдарды жедел басқару орталығына Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Алашорда 21 көшесінде орналасқан 1 қабатты «Эверест» дүкенінің шатырынан өрт шыққаны жөнінде хабар келіп түсті. Өрт сөндіру барысында дүкеннің жалпы ауданы шамамен 420 ш/м жанғаны анықталды. Өрт 01 сағат 49 минутта оқшауланып 03 сағат 10 минутта толықтай өшірілді.
Зардап шеккендер жоқ.
Құрметті тұрғындар!! Өрт қауіпсіздігі шараларын сақтайық. Өрт оқиғасы орын алған кезде «101» немесе «112» нөміріне жедел түрде қоңырау шалыңыздар.
«Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ