Тұрғын үйдегі өртке жол бермейік!
Тұрғын үйдегі өртке жол бермейік!
Статистика көрсетіп отырғандай, жыл сайын өрттердің 70%-дан астамы тұрғын үй секторында орын алады. Олардың себептері отты абайсыз қолдану, соның ішінде мас күйінде, электр жабдығын орнату және пайдалану қағидаларын бұзу, пештерді орнату және пайдалану ережелерін бұзу.
Жыл басынан бері облыста 383 өрт болды, оның ішінде 220 тұрғын үй секторында 3 адам қаза болды, 7 адам жарақат алды.
Өрттің алдын алу мақсатында ТЖД қызметкерлері жыл сайын тұрғын үй секторы бойынша профилактикалық рейдтер жүргізеді. Аралау шеңберінде халыққа профилактикалық әңгімелер, нұсқаулықтар жүргізіледі, өрт қауіпсіздігі ережелері, өрт туындаған жағдайдағы іс-әрекеттер, шұғыл қызметтердің телефондары бар жаднамалар мен парақшалар таратылады.
Сонымен, өрттің алдын алу және тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі шаралары туралы.
- Электр сымдарының, ажыратқыштардың, розеткалардың, электр қондырғылар мен жабдықтардың жарамдылығын қадағалаңыз;
- Қуаттылығы жоғары бірнеше электр құрылғыларын бір розеткаға қосуға жол бермеңіз;
- Қыздырғыштарды киім кептіруге пайдаланбаңыз;
- Бөлмелерді жылытуға газ плиталарын қолданбаңыз;
- Үйден шығарда барлық газ және электр құрылғылары өшірілгеніне көз жеткізіңіз;
- Жылыту пештерін уақтылы жөңдеңіздер, түтіндіктерді күйеден тазартыңыз;
- Жылыту пештерінің алдына 50х70см метал қаңылтыр орнатыңыз;
- Пешті жағу үшін жеңіл тұтанатын сұйықтықтарды пайдаланбаңыз;
- Жағылған пештерді және электрқыздырғыш құрылғыларды қараусыз қалдырмаңыз;
- Сіріңкелер мен оттықтарды балалардың қолдары жетпейтін жерде сақтаңыз,кішкентай балаларды қадағалаусыз қалдырмаңыз;
- Төсекте шылым шекпеңіз.
Отты қолдануда өте сақ болыңыз!
Өзіңізді және өз мүліктеріңізді өрттен сақтаңыздар!
БҚО ТЖД ЗҚҚАжәнеАҚСБ