Жедел-құтқару жасағы құтқарушылары «ОралЖастары» волонтерларымен бірлесе, «Су құрбандарына жол жоқ» акциясы аясында рейд шарасын өткізді

#ІІМ #ТЖК #БҚО #ТЖД #«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ
2020 жылғы 12 тамыз күні 16 сағат 00 минутта «ҚР ІІМ ТЖК БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ (Орал қ.)» ММ жедел-құтқару жасағы құтқарушылары «ОралЖастары» волонтерларымен бірлесе, «Су құрбандарына жол жоқ» акциясы аясында рейд шарасын өткізді.
Суға шомылушылар мен демалушыларға «Судағы қауіпсіздік» және «Суға шомылу ережелері» көрсетілген үнпарақтар таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Акция барысында рұқсат етілмеген жағажайдағы демалушыларға жеке-жеке тоқталып арнайы су қауіпсіздігі, суға шомылу ережелері және балаларды ата-ананың қарауынсыз қалдырмау туралы ескертпелер айтылды. Сонымен қатар су айдынында жеке қайықпен жүрушілерге қайықта арнайы құралдарсыз отыруға болмайтыны туралы ескертілді.
«Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ