Өрттердің саны артуда!!!

Өрттердің саны артуда!!!
Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданыңда 2020 жылы 7 ай ішінде 10 өрт тіркелді. Ал 2019 жылы 7 өрт тіркелді. Қазіргі таңда 2019 жылмен салыстырғанда өрттердің саны 133% өсіп отыр. Өрттердің басым бөлігі техногенді сипатта болып келеді, яғни адамдар тарапынан. Бұл отты абайсыз қолдану, үйдің ішіндегі электр тоқтарын уақытылы ауыстырмай, қолданыста ұстау және өрт қауіпсіздік ережелеріне немқұрайлы қарап, сақтамаудың кесірінен, өрттердің көбеюіне алып келді.
Өртті болдырмау үшін Сізге мынадай өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаған жөн:
- электр және газ құралдарын қосулы күйінде қалдырмаңыз, сондай-ақ оған балаларды жақындатпаңыз;
- уақытша және зақымдалған электр өткізгіш сымдарын пайдаланбаңыз;
- электр есептегіштердегі электр сақтандырғыштар зауыттан дайындалған болуы тиіс;
- үлкен көлемдегі электр құралдарын бір уақытта қосып электр жүйесіне күш түсірмеңіз;
- газдың кеміп қалуын тексеру үшін ашық отты қолданбаңыз;
- сіріңкені балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз;
- бөлмені жылытуға қолдан жасалған электр-жылытқыш құралдарын қолданбаныз;
- балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз және оларды қараусыз қалдырмаңыз;
Өрт және жану оқиғасы болған кезде тез арада 101-ге хабарласыңыз.
Жаңақала ауданы ТЖБ
аға инженері Д.Беркаиров