Өрт оқиғасы

Өрт оқиғасы

Өрт оқиғасы

 

Бөкей ордасының ауданында соңғы кездері ауылдық елді мекендерде және тұрғын үй секторында жем-шөп сақтайтын орындарда өрт оқиғасы жиілеп кетті. Жиналған шөп пен сабан жануының негізгі себептері – тұрғындардың отпен абайсыз болуы немесе қасақана от қою. Жем-шөптер көбінесе жолға өте жақын жиналады, ал абайсызда немесе әдейі тасталған темекі тұқылы өртке әкеліп соғады. 

Ағымдағы жылдың 10 тамыз күні № 19 өрт сөндіру бекетінің орталығына күндізгі шамамен сағат 12:07 минутта Сайқын ауылдық округіне қарасты Шоңай елді мекені қасындағы ЖҚ Бақтығали азамат Қарашев Мұраттың қысқыға жиналып тұрған 100 тонна шөптің жанып жатқаны туралы қоңырау түсті.

13 сағат 40 минутта елді-мекенге № 19 ӨСБ қызметкерлері шақырту орнына келіп барлау жұмыстарын жүргізу кезінде жеке тұрғын үй аумағында 400 руллон шөп жанғанын анықтады. Өрттің жалпы көлемі 105 ш.м. 19 сағат 45 минутта өрт ошағы оқшауланып, 22 сағат 04 минутта толығымен жойылды. Аталған өртті сөндіруге ӨСБ-ң 9 қызметкері 4 техникасы және ЕӨСҚ 4 адамы жұмылдырылды.

Есте сақтаңыз! Құрғақ шөптің, қураған ағаштың жануы – басқарылмайтын процесс. От оңайлықпен сіздің саяжайынызға, тұрғын үйіңізге және басқада құрылымдарға ауысуы мүмкін. Ал өртену нәтижесінде оңай улану қауіпі бар.Балаларды қараусыз қалдырмаңыз және олардың өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелерін меңгеруі үшін барлық күш - жігеріңізді салыңыз. Есіңізде болсын, өнімді өсіру өте маңызды, бірақ оны сақтау маңыздырақ.

Алдағы уақытта көрсетілген  төтенше жағдайлардың тұрғындар арасында болуына  жол бермеу іс-шараларын іске асыру мақсатында Бөкей ордасы ауданының ТЖ бөлімі аудан жұртшылығын өрттен сақ болуға шақырады.

 

Бөкей ордасы  ауданының ТЖБ

аға инженері а/қ аға лейтенанты

Б. Хайруллина