Жаңақала ауданының ТЖ бөлімінің қызметкерлері суға түсу орындарына рейд жүргізді

Жаңақала ауданының ТЖ бөлімінің қызметкерлері суға түсу
орындарына рейд жүргізді #ІІМ #ТЖК #БҚО #ТЖД #Жаңақала #ТЖБ
Ауа-райының ыстықтығынан аудан орталығы Жаңақала ауданының тұрғындары суқоймаларға белсенді шығуда. Әлбетте, олар бірінші кезекте қауіпсіздік екенін ойламайды да. Осыған байланысты Жаңақала ауданының ТЖБ қызметкерлері полиция бөлімімен және еріктілермен бірігіп, Пятимар ауылдық округінде суға түсу орындарына рейд жүргізуді ұйымдастырды.
Рейдтік іс-шараға Жаңақала ауданының ТЖБ-сынан 2 қызметкер, полиция бөлімінен 1 қызметкер, Жастар ресурстық орталығынан 1 ерікті және №16 ӨСБ-сінен 1 қызметкер жүргізуші міндетін атқарды.
Рейд жүргізу уақытында қызметкерлер демалушыларға әңгіме жүргізіп, адамдардың өліміне басты себеп мас күйінде суға түсу, тыйым салынған орындарда суға түсу, балаларды үлкендердің қарауынсыз су бойында қалдыру екені түсіндірілді.
Бір өкініштісі балалар қауіпсіздік ережелерін сақтамай суға түсу маусымын бірінші болып ашады. Бір белгілісі, ата-аналардың көбісі балаларының қайда жүргенін біле тұра бақылауға алмауы, өз балаларының қауіп-қатерге ұшырауына тыйым салмайтынын білдіреді. Ешкімде келеңсіз оқиғадан сақтандырылмаған. Сондықтан ата-аналарға тағы да төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері арқылы қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп және де өздерінің балаларына түсіндіру, балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдыру, артынан өздерін кінәламауы үшін әңгімелер жүргізілді. Өйткені суқоймалардағы ережелердің бұзылушылығынан көптеген жағдайларда суға кетіп қайғылы жағдайлар орын алуда.
Сондай-ақ төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері демалушыларға қарусыз күйде от жағуға, сөндірілмеген темекі қалдықтарын тастауға, балалардың сіріңкемен ойнауына бақылау жасап жол бермеуі жөнінде түсіндірді. Рейд жүргізу уақытында барлық демалушыларға аудан суқоймаларында сақ болуға, судағы қарапайым қауіпсіздікті сақтаулары айтылып, өрт қауіпсіздігі жөніндегі жаднамалар таратылды. Алдын алу іс-шаралары суға түсу кезеңі аяқталғанша жалғастырылады.
Жаңақала ауданының ТЖБ аға инженері
Д.Беркаиров