БҚО-до суға шомылу маусымы құтқарушылардың ерекше бақылауында

БҚО-до суға шомылу маусымы құтқарушылардың ерекше бақылауында

Құтқарушылар полиция қызметкерлерімен бірлесіп, суда қайғылы оқиғаларды болдырмау және халықтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында, шомылу орындарында рейдтік іс-шаралар мен патрульдеу жүргізуде.

Облыста шомылу кезеңінің басынан түрлі себептермен, оның ішінде: мас күйінде, тыйым салынған орындарда шомылу (қауіпті, шомылу үшін жабдықталмаған орындарда), өз күшін жете бағаламау, сондай-ақ суға батып бара жатқан адамды құтқару және ересектердің қараусыз қалдыру кезінде 3 адам суға батқан, оның ішінде 1 бала.

Облыс тұрғындары мен қонақтарын су қоймаларындағы қауіпсіздік ережелерінің талаптарын сақтауға шақырамыз және оларды бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз.

* мас күйінде шомылуға және суға кіруге;

* қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, сондай-ақ, осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секіруге;

* тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерге сүңгуге;

* жүзу шекарасын білдіретін буйлар артына жүзу;

* жүзуге арналмаған заттармен жүзу;

* балалардың суға ересектердің еріп жүруінсіз кіруіне тыйым салынады.

Әр адам суға түсетін су қоймасының қауіпті жерлері мен ерекшеліктерін білуі тиіс, өйткені жабдықталмаған жерлерде үйінділер, су басқан бөренелер, темір кесектері, шыны және өзге де заттар болуы мүмкін.

БҚО ТЖД Баспасөз қызметі

Қызмет бағыты