Балалар – болашағымыз!

Балалар – болашағымыз!

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері ардагерлер ұйымымен бірлесіп, облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылында іс-шара ұйымдастырды.

ТЖД бастығы Руслан Қасыбаев алғы сөзінде балаларды мерекелерімен шын жүректен құттықтап, бақытты балалық шақ, мықты денсаулық, жарқын болашақ тіледі.

Іс-шара көңілді Steffy аюымен бірге қызықты ойындар, байқаулар, спорттық жарыстармен жалғасып, биге ұласты.

Көңілді балалар келесі бөлімде құтқарушылардың техникаларымен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, барлық техникаларға мініп қарап, алған әсерлерін жасыра алмады.

Шара соңында балаларға тәтті үстел дайындалған болатын. Үстел басында құтқарушылардың қамқорлығына риза болған балақайлар өздерінің жүрекжарды ризашылықтарын жеткізді.

Бүгінгі мереке балалар үшін тамаша әсер, жағымды эмоцияға толы күн болды.

 

БҚО ТЖД Баспасөз қызметі

Қызмет бағыты