Батыс Қазақстан облысында жағдай тұрақталды

Батыс Қазақстан облысында суға кеткен саяжай аумақтарына мониторинг жүргізу жалғасуда.
Төтенше жағдайлар департаменті және полиция департаментінің қызметкерлері бірлесіп, су басқан аумақтарды патрульдеуде.
12 эвакуациялық пунктте 2 447 адам, оның ішінде 1 051 бала қалып отыр.
Авариялық-құтқару және өзге де шұғыл жұмыстарға өзге өңірлерден жұмылдырылған құрамында 1 835 адам (92 бірлік техника, 50 су сору құралы, 10 қайық) су тасқынына қарсы жұмыстарды абыройлы атқарып, тұрақты орналасу пункттеріне жолға шықты.
Бүгінгі күні облыс аумағында жағдай тұрақты, бақылауда.