БҚО-да үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда

БҚО ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының қызметкерлері «БатысЭнергоРесурсы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне «Су басу кезіндегі қауіпсіздік шаралары» тақырыбындағы жадынамалары бар түбіртектерді табыс етті.
Бұл түбіртектерге «БатысЭнергоРесурсы» ЖШС өздерінің коммуналдық қызметтерге төлем жүргізуге берілетін түбіртектерін басып шығарып, Орал қаласы бойынша пәтер иелеріне таратуда.
Бұл тәжірибе жыл сайын жүргізіледі. Түбіртектерді тарату арқылы үгіт-насихат жұмыстарын күшейтуге болады.
Аталған алдын алу жұмыстары су тасқыны аяқталғанға дейін жалғасатын болады.
БҚО ТЖД Баспасөз қызметі
Қызмет бағыты