Автомобильдердегі өрт қауіпсіздігі туралы

Автомобильдердегі өрт қауіпсіздігі туралы

2024 жылдың басынан Батыс Қазақстан облысының аумағында автокөлікте 36 өрт оқиғасы тіркелді, 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өрттер саны 2,1 есе өсуі байқалуда (2023 ж. – 17 өрт).
Осыған орай, 2024 жылдың 1 наурыз күні БҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері Бекетов Чингиз Саматович автокөліктердегі өрттердің алдын алу мақсатында «Окей» радиосында сөз сөйледі.
Сөз сөйлеу барысында тыңдаушыларға автокөлікті пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелері, сондай-ақ өрт туындаған жағдайдағы қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді.

БҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бакылау басқармасы