Тұрғын үй секторындағы өрттердің алдын алу

Жылу беру маусымы басталғалы бері республика аумағында тұрғын үй секторындағы өрттер мен түрлі төтенше жағдай оқиғалары жиілеп кетті. Бұл кезекте, балалардың қаза болуымен және дене жарақатын алу, улану фактілері де артып отыр. Оның бірден бір себебі – балалардың ата-ананың немесе үлкендердің қарауынсыз қалдыру салдарынан орын алуда.
Мысал ретінде, ағымдағы жылдың 17 қазан күні Орал қ., Желтоқсан көш., 2/1 үй мекенжайындағы 5-қабатты тұрғын үйдің 5-ші қабатында орын алып, салдарынан кәмелетке толмаған 2 бала құтқарылды. Екеуі де жеңіл түрдегі улануға шалдыққан.
25 қазан 2023 жылы Абай облысы, Аягөз қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде өрт оқиғасы орын алып, салдарынан 4 бала көз жұмды.
Аталған жағдайларда балалар үлкендердің қарауынсыз жалғыз қалған. Осыған байланысты, облыс тұрғындары мен қонақтарын балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдыруға, сондай-ақ оларға жылыту пештері мен газ және электр жабдықтарын өз бетімен пайдалануға рұқсат бермеулеріңізді сұраймыз.
Өрттердің алдын алу мақсатында Батыс Қазақстан облысы ТЖД қызметкерлері күн сайын тұрғын үй секторы бойынша профилактикалық рейдтер жүргізеді. Рейд жүргізу барысында тұрғындармен профилактикалық әңгімелесулер, нұсқамалар жүргізіледі, өрт туындаған жағдайдағы іс-қимылдар, шұғыл қызмет телефондары бар жадынамалар мен парақшалар таратылады.
Тұрғын үй секторында өрттерді болдырмау мақсатында өрт қауіпсіздігі қағидаларының қарапайым талаптарын қатаң сақтау қажет:
- жылыту құралдарын пайдалану кезінде оқшаулағышы зақымдалған электр сымдарын пайдалануға тыйым салынады;
- электр жылыту құралдарын жанғыш заттардың жанына орнатпаңыз;
- үйден шыққан кезде барлық электр жылыту құрылғыларын өшіруді ұмытпаңыз;
- жылу беру кезеңі басталар алдында түтіндіктерді күйеден тазалауды ұмытпаңыз;
- жарықтары бар пештерді пайдаланбаңыз;
- жанып жатқан пештерді, желіге қосылған электр қыздырғыш және газ аспаптарын қараусыз қалдырмаңыз;
- электр желісінің артық жүктелуіне әкелетін бірнеше қуатты электр тұтынушыларын бір мезгілде қосуға жол бермеңіз;
- барлық тұрмыстық электр құрылғыларының жұмысын бақылаңыз;
- пәтерде газ иісі сезген жағдайда, электр жарығын қосуға, сіріңкені жағуға, темекі шегуге, ашық отты пайдалануға жол бермеңіз. Мұндай жағдайда шұғыл газ қызметін шақырып және ол келгенге дейін үй жайды толықтай желдету қажет;
- кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз – балалардың отпен ойнауы да өрттің себептерінің бірі болып табылады.
Өрт немесе түтін пайда болған жағдайда нақты мекен-жайын көрсете отырып, өртке қарсы қызметіне «101» немесе «112» нөмірлері бойынша дереу хабарлаңыз.
Байланысты материалдар:
1104 мамыр 2023Автокөліктегі өрт қауіпсіздігі ережелері