Батыс Қазақстан облысының аумағын және тұрғындарын 2023-2024 жылдардың қысқы кезеңінде төтенше жағдайлардан қорғау туралы

Алдағы қысқы кезеңге дайындық жұмыстары аясында «Батыс Қазақстан облысының аумағын және тұрғындарын 2023-2024 жылдардың қысқы кезеңінде төтенше жағдайлардан қорғау туралы» Батыс Қазақстан облысы әкімінің өкімі негізінде Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Төтенше жағдайларды жою басқармасы облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының, сондай-ақ Полиция департаменті өкілдерімен бірлесіп автомобиль жолдарының 2023-2024 жылдардың қысқы кезеңіне дайындығына комиссиялық тексеріс жүргізуде.
Тексерістер жүргізу барысында автомобиль жолдарының қар басу қаупі бар бөліктеріне қар тазалау, инженерлік және өтімділігі жоғары эвакуациялық техникаларды бекітілуіне, өндірістік базалардың, жылыту пункттерінің пайдалануға жарамдылығына, көктайғаққа қарсы инертті материалдармен қамтылуына, сондай-ақ қардан қорғау қалқандарының орнатылуына басты назар аударылатын болады.