«Жер-2023» оқу-жаттығуы

«Жер-2023» оқу-жаттығуы

Азаматтық қорғау қызметтерінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын жойқын жер сілкінісі салдарынан туындаған төтенше жағдай жоюға дайындау мәселелерін пысықтау мақсатында 2023 жылғы 5 қыркүйекте азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің Батыс Қазақстан облыстық кіші жүйесінің құрамында Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы Алматы қаласында өтетін «Жер-2023» командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысу үшін автошерумен жолға шықты.
Оқу-жаттығуды өткізу жоспарына және жаттығу кіріспесіне сәйкес, Батыс Қазақстан облысының күштері мен құралдары Алматы қаласының Бостандық ауданына бекітілген.
Оқу-жаттығуға қатысуға Батыс Қазақстан облысы азаматтық қорғау қызметтерінен жалпы 44 адам қатысатын болады.
Батыс Қазақстан облысы Төтенше жадғайлар департаментінің қызметкерлеріне сәттілік тілейміз! Жолдарыңыз болсын!

Қызмет бағыты