Ата заңым-айбыным!

2023 жылғы 29 тамызда Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің акт залында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай жеке құрамның салтанатты жиналысы өтті. Іс-шара барысында Департамент бастығы полковник Е.С. Өтегенов және «Қазақстандық төтенше жағдайлар бойынша ардагерлер ұйымы» ҚБ Батыс Қазақстан облысы филиалының төрағасы С.Ғ. Құсайынов құттықтау сөз сөйледі. Қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін және Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін мерекелеуге орай қызметкерлер ведомстволық наградалармен, Облыс әкімінің және Департамент бастығының алғыс хаттарымен марапатталды.