Суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары туралы

Бүгін Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полковник Қанат Қабиболлаұлы Доспаев өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары туралы» тақырыбында сөз сөйледі.
Шомылу маусымы дәстүрлі түрде республика бойынша 1 маусымнан басталады, барлық жерде су айдындарында жағажайлар жұмыс істей бастайды.
Балалардың каникулдары және демалыс маусымының басталуымен, жаздың ыстық күндері көптеген отбасы балаларымен су айдындарында уақыт өткізеді. Бірақ демалыстың жағымды жақтарынан басқа жағымсыз жағы да бар!
Соңғы 5 жылда облыс бойынша 102 адам суға батып кетті, оның ішінде 28 балалар.
Департамент жергілікті атқарушы және басқа да мүдделі органдармен бірлесіп кешенді жұмыс жүргізуде.
Облыс әкімінің ағымдағы жылдың 13 сәуіріндегі
№104-Ө өкімімен «Облыс су айдындарында төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспары» бекітілді, оның негізінде су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жүргізілуде.
Шомылу кезеңінде 24 жағажай жұмыс істеуі жоспарлануда.
Департаменттің құтқарушылары жергілікті атқарушы органдардың өтінімдері бойынша 23 жағажайдың түбін тексеріп, тазартты.
Су айдындарының қауіпті, шомылу үшін жабдықталмаған учаскелерінде 307 тыйым салу белгілері мен 77 ақпараттық стендтер орнатылған.
Жалпы, су айдындарында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін БҚО төтенше жағдайлар департаменті рейдтік іс-шаралар мен патрульдеу кезінде ауқымды жұмыс жүргізуде. Жыл басынан бері 353 рейд жүргізіліп, 11 мыңнан астам үгіт материалдары таратылды. Рейдтер барысында су айдындарында жүріс-тұрыс қағидалары түсіндірілуде.
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында білім басқармасында 32 рамалық-модульдік бассейн бар, оның 11-і балалар лагерьлерінде (қала сыртындағы), 21-і мектеп жанындағы лагерьлерде жұмыс істейтін болады.
Шомылу кезеңіндегі төтенше жағдайларға ден қою үшін
Департамент 70 құтқарушыны, 20 жүзу құралы және патрульдеу үшін 12 автокөлік, сонымен қатар, 31 сүңгуір жабдығын дайындады.
Құтқарушылар шомылу маусымы кезеңінде су айдындарының қауіпті және жабдықталмаған учаскелерінде патрульдеу ұйымдастырады.
Су айдындарында:
1) «Суға түсуге тыйым салынады» деген белгілер орнатылған жерлерде шомылуға;
2) жүзудің шекарасын белгілейтін қалқыбелгілерден кейін жүзуге;
3) шағын көлемді кемелерге және басқа да жүзу құралдарына жүзуге;
4) суға қайықтар, катерлер, айлақтар, жағажайлар, табиғи құралымдар, сондай-ақ, осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан секіруге;
5) жалған дабыл айқайларын беруге рұқсат етілмейді;
6) су айдындарында қауіпсіздік белгілерін өз бетімен жоюға (алуға), бүлдіруге немесе орнатуға;
7) суға кіруге және мас күйде шомылуға;
8) тексерілмеген, жабдықталмаған жерлерде сүңгуге;
9) жүзуге арналмаған заттармен жүзуге;
10) су айдындарындағы қауіпсіздік белгілеріне, қалқыбелгілерге шығуға;
11) балаларға ересектерсіз суға кіруге жол берілмейді.
Су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын сақтаңыздар, төтенше жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.
Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бұзу немесе орындамау ҚР ӘҚБ кодексінің 412-бабына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады. Жеке тұлғаларға 7 АЕК (24150 тенге), заңды тұлғаларға 10 АЕК (34 500 т.).