БҚО-да су тасқыны құбылыстарын жою туралы ақпарат

2023 жылғы 28 ақпан 16.00-ден 23.00-ге дейін +2 температура кезінде қардың қарқынды еруі нәтижесінде Орал қаласы мен Бөрлі ауданының Ақсай қаласы орталығының көшелері және тұрғын үй аулаларында еріген су жиналған болатын.
Төтенше жағдайлар департаменті және жергілікті атқарушы органдардың күшімен еріген суды бұру және сору жұмыстары жүргізілді. Көшелер мен аула аумақтарынан барлығы 933 текше метр (барлығы – 2144 текше метр) сорылып, 5100 текше метр (барлығы – 157820 текше метр) қар шығарылды.
Барлық жедел ақпаратты Төтенше жағдайлар департаменті, аудандық және қалалық әкімдіктердің су тасқынына қарсы жедел штаб пысықталып, өңделуде.
Су тасқыны кезеңінің өтуіне бақылау жүргізілуде.
Көшелер мен аула аумақтарында Төтенше жағдайлар департаментінен 11 қызметкер, 2 бірлік техника, жергілікті атқарушы органдардан 25 адам және 23 бірлік техника жұмыс атқарды.