«АБАЙЛАҢЫЗ, ЖҰҚА МҰЗ!»

«АБАЙЛАҢЫЗ, ЖҰҚА МҰЗ!»
Тасқала ауданы төтенше жағдайлар бөлімі күз мезгілінде су айдындарында адамдардың қаза болуын болдырмау үшін Деркөл өзенінде балықшылар арасында рейдтік іс-шаралар өткізді.
Балықшыларға мұздағы жүріс-тұрыс қағидалары және төтенше жағдай туындаған жағдайда алғашқы көмек көрсету шаралары түсіндірілді, балық аулауда және мұз үстінде тұман болғанда спирттік ішімдіктерді ішу қаупі туралы түсінік берілді.
Мектепте оқушыларға да түсіндіре отырып, жұқа мұз туралы сабақ өткізілді. "101", "112" кезекшілік қызметінің нөмірі көрсетілген төтенше жағдай туындаған жағдайда әрекет ету алгоритмі бойынша жадынамалар, буклеттер таратылды.
Қызмет бағыты