«Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз»

Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде ҚР Мемлекеттік рәміздеріне 30 жыл толу қарсаңында «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» атты мерекелік шара өтті. Мерекелік шараға «Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар бойынша ардагерлер ұйымының» төрағасы Серик Габдижанович Кусаинов, «Аманат» партиясының Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Шаттық Саматқызы Утебалиева, «Татар мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің өкілі Диляра Махмудовна Сатарова және Департамент жеке құрамы қатысты. Департамент бастығы полковник Ернұр Сапарұлы Өтегенов шақырылған қонақтар мен қызметкерлерді ел тарихындағы ерекше мәртебелі күнмен құттықтап, «Аманат» партиясының Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Ш.Утебалиева елімізде 5 маусымда болатын ең маңызды саяси іс – шара – республикалық референдум туралы қысқаша ақпарат беріп, Жаңа Қазақстанды құруға ат салысуға шақырды. Шара барысында Департамент қызметкерлерінің мемлекеттік рәміздер туралы түсініктері кеңейтіліп, рәміздерді қастерлеу туралы үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. «Рәміздерім - мақтанышым» атты бейнесюжет көрсетіліп, мерекелік шара еліміз туралы қызықты ақпарат алмасу мақсатында ұйымдастырылған викториналық сайыспен өз мәресіне жетті.
Құжаттамалық қамтамасыз ету және
мемлекеттік тілді дамыту тобы