Табиғатты өрттен сақтайық!!!

Табиғатты өрттен сақтайық!!!

Табиғатты өрттен сақтайық!!!

 

Ауа райының құрғақ, жылы келуіне орай ормандарда, далаларда және ауыл шаруашылығы нысандарындағы өрттің пайда болу мүмкіндігі артады. Өрт нәтижесінде ауыл шаруашылығы егіндері, орманды алқаптары және шөптер үлкен көлемде жойылуы мүмкін.

Ормандағы өрт әртүрлі себептерден пайда болуы мүмкін. Бірінші орында ол өрт қауіпсіздік ережелерін бұзғаннан орын алады. Орманда немесе орман жанында ашық от жағып, ағаш жағатын, сіріңкелерді және темекі қалдықтарын қалдырып кетіп, нәтижесінде арты келеңсіз оқиғаға әкелетінін ойламайтын азаматтар кездеседі.

Орманда өртті болдырмау үшін келесі ережелерді еске саламыз:

- от жағуға, мангалдарды, ас әзірлеуге арналған тағы басқа құралдарды қолдануға;

- шылым шегуге, жанып тұрған шырпы мен темекі қалдығын тастауға, шылым шегетін трубкалардан ыстық шоқты қағуға;

- орманда майланған немесе бензин, керосин және басқа жанғыш заттар сіңген сүртуге арналған материалды қалдыруға;

- қоқысты және шөпті өртеуге тыйым салынады.

Орманда немесе далада өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар! Өрт кезінде «101» немесе «112» нөміріне хабарласыңыз!

Ақжайық ауданы ТЖБ