Өрт қауіпсіздіқ ережелерін сақтау!

Өрт қауіпсіздіқ ережелерін сақтау!
Тұрмыстағы өрттердің негізгі себептері бұл ең алдымен, отты абайсыз қолдану(соның ішінде темекі шегу кезінде), электр жабдығының ақаулығы, пештер мен тұрмыстық электр қыздырғыш аспаптарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларының бұзылуы.
- ақауы бар электр құралдарын пайдалануға;
- электр сымы және оқшаулауы зақымдалған кабельді пайдалануға;
- бірнеше үлкен электрлік құрылғыларды қосуға (электр сымдарының шамадан тыс жүктелуіне және қызып кетуіне жол бермеу үшін) тыйым салынады;
- электрмен қыздырылатын аспаптар жанбайтын жылу оқшаулағыш тұғырықтарда орнатылуы тиіс.
Үйден шықпас бұрын, барлық электр жылытқыштарының өшірілгеніне көз жеткізіңіз.
Өрт шыққан жағдайда дереу «101», «112» нөміріне қоңырау шалыңыз.
Өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау – Сіздің әл-ауқатыңыздың кепілі!
Тасқала ауданының ТЖ бөлімі