Қысқы киім үлгісіне ауысу

Қысқы киім үлгісіне ауысу

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмысы қызметі (Орал қаласы)» ММ өрт сөндіру бөлімшелерінің жеке құрамы арасынлда  қысқы киім үлгісіне ауысу жөнінде  2015 жылғы 19 наурыздағы «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қызметкерлердің, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің нысанды киімі мен арнайы киім кешенінің тиесілі нормаларын бекіту туралы» № 256 бұйрықтың талаптарын басшылыққа ала отырып саптық байқау өткізілді.  

         Сонымен қатар, қысқы киім үлгісіне ауысу кезінде өрт сөндіру бөлімшелерінің жас  қызметкерлеріне белгіленген тәртіппен Ант қабылдау рәсімі өткізілді.