Патрульдеу кезінде суға батушыны құтқару

Патрульдеу кезінде суға батушыны құтқару
12 шілде күні сағат 14-30-да Орал қаласында Елизарова көшесі бойындағы Орал өзенінде Департаменттің Жедел-құтқару жасағының күшімен патрульдеу кезінде 1972 ж.т. азамат құтқарылды, ол мас күйінде жабдықталмаған жерде суға түсіп, батып кете жаздады.
Жыл басынан облыстың су айдындарында 19 адам суға кетті, оның ішінде 8 бала (2020 жылы – 23 адам, 8 бала). 13 адам құтқарылды, оның ішінде 6 бала.
Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарын судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.
БҚО ТЖД ҚБТ
Қызмет бағыты