Психологиялық климатты жақсартуға арналған шара

Психологиялық климатты жақсартуға арналған шара
Қызметкерлердің психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде психологиялық дайындық маңызды роль атқарады, ол кәсіби дайындықтың бір бөлігі болып табылады. Жеке құрамның психологиялық дайындығы негізінде авариялық-құтқару жұмыстарын жүзеге асыру кезінде психологиялық дайындық пен тұрақтылық пайда болып, қорқынышқа бой алдырмау, өмір үшін қауіпті ситуациялар кезінде өзін-өзі меңгере білу қабілеттері шыңдалады.
15-18 маусым аралығында Департамент психологі Казталов ауданы ТЖБ, «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары» ММ №11 өрт сөндіру бөлімінде және №17 өрт сөндіру бекетінде іс-шаралар қатарын өткізді. Шара барысында қызметкерлермен сауалнама, әңгіме және дәрістер өткізілді, онда барлығы 30 қызметкер қамтылды.
Қызметкерлерді тестілеу девиантты мінез-құлыққа бейімділікті анықтауға бағытталған «Девиантты мінез-құлықты анықтау сауалнама» әдістемесі бойынша өткізілгенін атап өткен жөн.
Сонымен қатар, ұжымдағы моралды-психологиялық ахуалды және басшының басқару стилін анықтау мақсатында сауалнамалар, сенімділікті қалыптастыру, өмірдің позитивті салтын қалыптастыру, психологиялық икемділік пен бейімделуді дамыту мақсатында «Моральды-психологиялық ахуалды және позитивті мінез-құлықты қалыптастыру» тақырыбында дәріс өткізілді.
Қызметкерлерге өмірдің сапасын жақсарту, моралды-психологиялық ахуалды жақсарту бойынша, бастықтарға тиімді басқару стильдерін жетілдіру бойынша ұсыныстар және кеңестер берілді.