Мектептерде сабақ өткізілуде

Мектептерде сабақ өткізілуде

Мектептерде сабақ өткізілуде

 

Жәнібек ауданының ТЖБ аудандық білім беру бөлімімен бірлескен жоспарына сай және ағымдағы жылы оқу жылының 19 маусымға дейін созылуына байланысты мектептерде қауіпсіздік бойынша сабақтар өткізілуде.

Аталған сабақтарда мектеп оқушыларына жаз мезгілінде қауіпсіздік талаптарын сақтау туралы, яғни, жаз мезгілінде өрт қауіпсіздігі, күнделікті өмірде қауіпсіздік ережелерінің талаптарын сақтау, электр аспаптарын қолданған кезде қауіпсіздік, судағы, көшедегі қауіпсіздік, биік ғимраттардан, көп қабатты үйлердің терезелерінен құлау және т.б. мәселелер қаралды.

Сонымен қатар сабақ аяғында оқушыларға өрт сөндіруші-құтқарушы қызметі туралы және Көкшетау қаласында орналасқан ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясы туралы айтылды.

Сабақ аяқталғанан кейін балаларға өрт сөндіруші-құтқарушының арнайы киімдері көрсетіліп, сол киімдерді балалар өздері киіп көрді.