оқу-жаттығу іс-шарасы

оқу-жаттығу іс-шарасы

Ағымдағы жылғы 28 сәуір күні сағат 14:00-де Бөрлі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі аудандық білім беру бөлімімен бірлесіп, «USTUDY» ЖШС аймақтық тестілеу орталығының ғимаратында Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу кезінде болуы мүмкін өрт қауіпсіздігінің алдын алуды қамтамасыз ету мақсатында оқу-жаттығу іс-шарасын жүзеге асырды.

Шара барысында «USTUDY» ЖШС және Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығы және аудандық бiлiм беру бөлімінің мамандарына апаттық жағдайлардағы қорғаныс амалдары түсіндірілді.

Осы маңызды іс-шара азаматтардың төтенше жағдайлардың салдарын жоюға арналған дайындық деңгейін көтеруге мүмкіндік берді.