құтқарушылардың көмегімен азамат табылды

құтқарушылардың көмегімен азамат табылды

Ағымдағы жылғы 26 наурыз 01 сағат 20 минутта 25 наурыз күні 11 сағат 00 минутта 2004 ж.т. азамат Е. 1972 ж.т. азамат А-мен бірге (Ақжайық ауданы, Қурайлысай а/о, Әтібек ауылының тұрғындары) аттарымен түрлі бағытқа мал іздеуге шығып, 2004 ж.т. азамат Е. үйге оралмағандығы жөнінде хабар келіп түсті.

Іздестіру жұмыстарына БҚО ТЖД жедел-құтқару жасағы (жеке құрамнан 6 адам және 1 бірлік техника «ТРЭКОЛ») жедел түрде шықты.

26 наурыз күні 13 сағат 31 минутта құтқарушылардың көмегімен         (3 қызметкер және 1 бірлік техника «ТРЭКОЛ») Қурайлысай а/о, Әжібай қыстағынан 2004 ж.т. азамат Е. табылды. Табылған азамат медициналық көмекке мұқтаж болмады.

Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары! БҚО Төтенше жағдайлар департаменті қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады. Құтқарушылардың көмегі қажет болған жағдайда «112» нөміріне хабарласыңыз.