Меры безопасности на дорогах в зимний период

Меры безопасности на дорогах в зимний период

Қысқы кезеңде жолдардағы қауіпсіздік шаралары

 

Қысқы кезеңде жолдардағы қауіпсіздік жол қозғалысының әрбір қатысушысынан ерекше сақтықты және ерекше назар аударуды талап етеді.

Климаттық өзгерістерге байланысты әр қыста жол жағдайының айтарлықтай нашарлауы байқалады.

Көлік ағыны өсіп келе жатқандықтан, жолдарда жүк және жеңіл көліктердің саны артады. Көріну нашарлайды, машинаның ішінен көріну, күн сәулесінің болмауы алдын-ала кейбір кедергілерді көруге мүмкіндік бермейді.

Қысқы кезеңнің күрделі метеорологиялық жағдайларында дайындық және іс-қимылдар бойынша халыққа арналған жадынама:

  1. Қыста жолға шығарда мұқият жоспарлаңыз және егжей-тегжейлі ойлаңыз. Төтенше жағдайда әрбір ұсақ-түйек маңызды.
  2. Әрбір автокөлікте төтенше жағдайда өмірді құтқаратын заттар болуы керек: дәнекерлеу шамдары, арқандар, доңғалақтарға арналған тізбектер, күректер, сондай-ақ басқа да қажетті заттар.
  3. Қатты аяз немесе қар жауған кезде бірнеше көлікке топтасу қажет, содан кейін сынған жағдайда колоннадан басқа жүргізушілер көмекке келе алады. Егер сіз боран немесе қатты аяз кезінде жолда қалсаныз, сіздің көлігіңіз елді мекеннен алыс жерде немесе сізге таныс емес жерде тоқтап қалса, көлікте қалып, жолда басқа көліктің жүруін күтіп немесе «112» нөмірі бойынша ұялы телефон арқылы көмек шақырыныз.
  4. Егер жолда қатты боранға тап болсаныз, тоқтап ашық түсті мата ілу арқылы тұрақты белгілеу қажет. Автокөліктің перделерін толығымен жабыңыз, қозғалтқышты радиатор жағынан жабыңыз. Жанармайды үнемдеңіз, пешті үздіксіз жүргізбеңіз.
  5. Машинаны қар массасымен толтыру қаупі бар болса есіктердің бірін мезгіл-мезгіл ашыңыз, оны итеріп, салонның ішіне кіріп кетпес үшін қар құрсауын бұзыңыз. Сіз қаншалықты қатып қалсаңыз да, қозғалтқышты іске қоспаңыз. Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде шығарылатын және автомобиль салонында үнемі жиналатын газдар өте қауіпті. Егер сіз жылынғыңыз келсе, онда сыртқа шығып, газдын көліктің астына емес, атмосфераға шығуы үшін құбырды қазып тазалп алыңыз. Бірақ шығар алдында өзінізді арқанмен байлауды ұмытпаңыз. Себебі адам өз автоқөлігінен жарты метірге алыстап бағдар жоғалтып, адасқан жағдайлар көп кездеседі.
  6. Егер сіздің автокөлігіңіз жолда қалып қойған болса, үрейленбеңіз, жағдайды, бағдарларды, орналасқан жерді, елді мекенге дейінгі қашықтықты және
    т. б. қадағаланыз.

Орал қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы азаматтарға ауа райының өзгеруін, метеорологиялық мәліметтерді қадағалауға, ауа райының нашарлауы және автожолдарда автокөлік қозғалысына шектеу енгізу кезінде шықпауға кеңес береді.

 

Орал қ. Төтенше

жағдайлар басқармасы