Профилактикалық жұмыс

Профилактикалық жұмыс

Бүгінде діни экстремизм тәуекелге барудың  басты факторларының бірі болып табылады. Бұл факторды біздің елдегі әлеуметтік - саяси жағдайды тұрақсыздандыру үшін сыртқы күш орталықтары оңай қолдана алады. Осыған байланысты Қызмет қызметкерлерінің экстремистік ағымдарға ілеспеудің алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 10 наурызында Қызметтің №1 МӨСБ және №2 МӨСБ жеке құрамына «Үйге ұзақ жол» деректі фильмі көрсетілді. Фильмді көргеннен кейін Қызметтің  психологы С. С. Мұхамбетжановамен және  жеке құраммен бірге қазіргі әлемдегі «діни экстремизмнің» өзекті мәселелері және исламның көптеген радикалды ағымдарының әсері туралы талқылады.