БҚО-да 2020-2021 жылдардағы жылу беру маусымында тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы брифинг өтті

БҚО-да 2020-2021 жылдардағы жылу беру маусымында тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы брифинг өтті

БҚО-да 2020-2021 жылдардағы жылу беру маусымында тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы брифинг өтті

 

2021 жылғы 18 ақпанда Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар Департаментінің дағдарыс орталығында «2020-2021 жылдардағы жылу беру маусымында тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбында брифинг өтті.

Спикер болып Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар Департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы азаматтық қорғау майоры  Мереке Бауыржанұлы Жұмағалиев және мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Бейбіт Ерболатұлы Калимулдин сөз сөйледі.

Спикерлердің айтуы бойынша, жылдың әр кезеңінде, әр өңірде, түрлі себептермен, тұрғын үйлерде өрт оқиғалары орын алады.

Батыс Қазақстан облысының аумағында 2020-2021 жылдардағы жылыту маусымының басынан бастап өрт жағдайы мынадай негізгі көрсеткіштермен сипатталды:

- 163 өрт тіркелді, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11% - ға аз (183 өрт);

- өрттен келтірілген материалдық шығын 560 мың теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 39% - ға төмен (2020 жылы – 919,5 мың теңге);

- өрт салдарынан 6 адам қаза тапты, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 39% – ға төмен (2020 жылы - 9 адам);

- 7 адам әртүрлі дәрежедегі жарақат алды (2020 жылы - 7 адам);

Облыс орталығында 58 өрт болды, ауылдық елді мекендерде 105 өрт тіркелді.

Жылыту маусымының басынан облыстың өртке қарсы қызмет бөлімшелерімен өрттен 7 адам құтқарылды, оның ішінде 3 бала, сондай-ақ 9 млн. 355 мың теңге сомасындағы материалдық құндылықтар құтқарылды.

Халықтың тұрмыстағы өрт қауіпсіздігінің қарапайым талаптарын сақтамауы, тұрғын үй секторында өрттердің туындауының негізгі себептерінің бірі болып табылады, яғни 136 жағдайда өрттердің себебі отты абайсыз пайдалану, балалардың тентектігі және өрттің басқа да себептері болып табылады, бұл 83,4% - ды құрайды және 27 жағдайда электр жабдығын монтаждау және техникалық пайдалану қағидаларын бұзу, тиісінше 16,5%-ды құрайды.

Бүгінгі таңда пәтерлер мен тұрғын үйлердегі өрттерде әртүрлі жанғыш заттармен, синтетикалық материалдармен және әртүрлі тұрмыстық техникаға байланысты жағдай күрделенуде.

Жоғарыда айтылғандар тұрғын үйлердегі өрттердің пайда болу қаупін арттырып қана қоймайды, сонымен қатар, синтетикалық материалдар жанған кезде улы газдардың бөлінуіне байланысты адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін өрт қаупі өте жоғары екенін дәлелдейді.