Облыс әкімі департамент қызметкеріне алғыс хат табыс етті
Облыс әкімі департамент қызметкеріне алғыс хат табыс етті
Жаңа жыл қарсаңында, сондай-ақ 2020 жылды қорытындылау шеңберінде Батыс Қазақстан облысының әкімдігінде облыс әкімінің басшылығымен салтанатты жиын өтті.
«Елбасының стратегиялық шеберлігі, көреген және дана саясатының арқасында Қазақстан тұрақты елге айналды. Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы күштердің жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен біздің мемлекетіміз үнемі нығайып келеді» - деп атап өтті облыс әкімі Ғали Есқалиев.
Салтанатты жиналыс барысында әкім ерекше көзге түскен әскери қызметшілерге алғыс хаттар табыс етті, атап айтқанда, Департаменттен Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері аға лейтенант Айбар Маратұлы Қалиев марапатталды.
БҚО ТЖД АҚБ ӘЖЖТ офицері
лейтанат М. Таңатов