«Азаматтық қорғаныс балалар көзімен» тақырыбына байқау өтті

«Азаматтық қорғаныс балалар көзімен» тақырыбына байқау өтті

«Азаматтық қорғаныс балалар көзімен» тақырыбына байқау өтті

 

2020 жылдың 4 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесі аясында Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының офицері лейтенант М. Таңатов және ҚР ТЖМ Батыс Қазақстан облысы бойынша «Апаттар медицинасы орталығы» РММ шұғыл ден қою бөлімінің фельдшері З. Құрманғазиева облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылына көшпелі сабақ өткізді.

Дәрістің тақырыбы «Азаматтық қорғаныс балалар көзімен» және «Төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету". Дәріс барысында фельдшер балаларға «Максим» тренажерында жүрек-өкпе реанимациясының тәсілдерін көрсетті. Сонымен қатар, аға лейтенант А.Әділбеков балаларға «газтұтқыш қалай дұрыс кию керектігін» көрсетті.

Дәріс аяқталғаннан кейін Азаматтық қорғаныс бойынша тест өткізіліп, дұрыс жауап бергендер қосымша сыйлықтар алды. Іс-шара соңында балалар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды, оларға офицер М.Таңатов толық жауап берді.

Қорытындысы бойынша балаларға сыйлықтар берілді.

Облыста мұндай іс-шаралар жыл сайын өткізіліп тұратыны және балалар өрт сөндіруші мен құтқарушылардың кәсібі жайында қызықты әңгімелер мен оқиғаларды тыңдағанын жақсы көретінін, жылы қарсы алатынын айта кеткен жөн.

БҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы