Өрт сигнализацясын орнату - өрт қаупінің алдын алу

Өрт сигнализацясын орнату - өрт қаупінің алдын алу
Құрылысы аяқталып пайдалануға берілген ғимараттар өрт қауіпсіздігі нормаларына сәйкес болуы тиіс. Өрт қауіпсіздігі нормаларына ғимараттың отқа төзімділігі, олардың ара қашықтықтары, сыртқы және ішкі өртке қарсы су жүйелері, өрт ошағын алдын ала анықтайтын өрт сигнализациясы мен өртті өз бетінше сөндіретін автоматты өрт сөндіру қондырғысы, ғимараттың қосымша адамдарды көшіру есіктері және т.б. жатады. Соның ішінде аса маңыздысы өрт автоматикасы.
Өрт сигнализациясы орын алған өрт ошағын дер кезінде анықтап, зор шығынға жеткізбей, өртті басталған мезетте сөндіруге көп көмек көрсететінін, сонымен қатар ғимараттағы адамдарды уақытында сыртқа шығарып, олардың өмірлерін сақтап қалатындығын естен шығармайық!
Тасқала ауданы ТЖБ