Балалардың отпен ойнауы қауіпті

Балалардың отпен ойнауы қауіпті

Балалардың отпен ойнауы қауіпті

Отпен ойнаудың соңы көбіне қайғылы аяқталады, ал ең өкініштісі, балалардың көбіне ересектердің, соның ішінде, жақын адамдары - ата – аналарының қателігінен зардап шегетіндері. Баланың отпен ойнауы тек өрт тудырып қана қоймай, сонымен қатар,  күю және адамдардың өлімімен сипатталатын қайғылы жағдайларға да жеткізуі мүмкін. Осы жағдайлардың алдын алу мақсатында Ақжайық ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері Ақжайық ауданы, Чапаев ауылында орналасқан Бөбекжай кешендерін аралап жас балаларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Түсіндіру жұмыстары кезінде балалармен  өрт қауіпсіздігі жөнінде әңгіме жүргізіп, оларға отпен ойнаудың қауіптілігін, оның салдарын түсіндіріп, балаларға шырпы және басқа да тұтандырғыш заттардан аулақ болуды, қаншалықты оттың зиян, шығын әкелетіні туралы айтылды. Сонымен қатар өрт дабылын беріп мекеме қызметкерлерінің және балалардың өрт кезіндегі іс-әрекеттері тексерілді.