Жеке тұрғын үйдегі өрт

Жеке тұрғын үйдегі өрт
2020 жылғы 22 қазан күні 09 сағат 17 минутта «ҚР ТЖМ БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ (Орал қ.)» ММ күштер мен құралдарды жедел басқару орталығына Деркул ауылы, Кольцевой тұйық 25 көшесінде жеке үй жанып жанып жатқаны туралы хабар келіп түсті. Өрт жұмыстарын барлау жұмыстары кезінде жалпы ауданы 60 ш/м құрайтын жеке тұрғын үй жанып жатқаны анықталды. Жеке тұрғын үйден газ баллоны шығарылды.
Өрт ошағы 09 сағат 35 минутта оқшауланып, 10 сағат 35 минутта толықтай жойылды.
Құрметті тұрғындар! Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігі туралы естеріңізге саламыз! Үйдегі электр сымдары және розеткаларды қараңыздар, электр тұрмыстық құралдарды, электр жылытқыштары мен жанулы пештерді бақылаусыз қалдырмаңыздар!