
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – біздің міндетіміз
Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті, Төтенше жағдайлар министрлігінің басқа аумақтық бөлімшелері сияқты, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау мақсатты бойынша жұмыс жүргізуде.
Қарапайым тілмен айтқанда, сыбайлас жемқорлық-бұл қызметтік жағдайды жеке мақсатта пайдалану. Сыбайлас жемқорлық көріністерінің бірі пара беру болып табылады. Пара деген не? Бұл лауазымды тұлғаның басқа тұлғадан өзі атқаратын лауазымдық жағдайға байланысты қандай да бір қызметтер көрсеткені үшін ақша немесе өзге де игіліктерді алуы болып табылады. Бұл ретте аталған ақша мен игіліктерді парақор әрдайым жеке ала бермейді, көбінесе олар оған жақын адамдарға немесе жасанды ұйымдарға берілуі мүмкін.
Сыбайлас жемқорлық азаматтық қорғау органдарының тиімді жұмыс істеуін бұзуы және өз функцияларын орындау мүмкіндіктерін әлсіретуі мүмкін. Сондықтан азаматтық қорғау органдарындағы қызметтің басым бағыттарының бірі сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мәселелері болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында Батыс қазақстан облысы ТЖД жеке құрамымен оқу сабақтары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша бейнероликтер көрсету, сондай-ақ анықталған сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттеріне республикалық шолуды таныстыру жүргізіледі. Сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне жедел әрекет ету мақсатында Батыс Қазақстан облысының ТЖД Дағдарыс жағдайларында басқару басқармасында тұрақты тәулік бойы орналасқан сенім телефоны (51-42-22) жұмыс істейді.
Департаментте және оның ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінде жүргізілген жұмыс және бірлескен күш-жігермен қабылданған шаралар нәтижесінде соңғы жылдары қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасау фактілері тіркелген жоқ.
Сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің алдын алу және жеке құрамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселесі Департаменттің және оның ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің тарапынан тиісті көңіл бөлінеді.
Дағдарыс жағдайларында басқару басқармасы
Батыс Қазақстан облысының ТЖД