Өрт қауіпсіздігі

Өрт қауіпсіздігі
Жаңақала ауданының төтенше жағдайлар бөлімі және БҚО ТЖД-нің «ӨС және АҚЖҚ» ММ № 16 ӨСБ-нің, жергілікті атқару органдарының, газ шаруашылық және ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, аудан аумағында тұрғын үй секторында өрт оқиғаларын алдын алу шараларын өткізуде. Қызметкерлер жергілікті тұрғындар арасында жадынамалар таратып, ауыл округі аумағындағы тұрғындар, мекеме мен мектептерде жиындар мен дәрістер өткізуде.
Сонымен қатар ауылдық округ әкімі аппараттары, халыққа қызмет көрсету мекемелері арқылы жадынамалар таратылуда.
Аталған іс-шаралар барысында, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, ауыл округ әкімдіктер және аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, аудан аумағында: мүмкіндіктері шектеулі (мүгедектер, жалғыз тұратын кәрі адамдар), жағдайы нашар отбасылар мен әлеуметтік қорғалмаған азаматтардың, тұрғылықты жері жоқ адам топтары анықталып, тұрмыста өрт қауіпсіздігін сақтау туралы әңгімелесулер мен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Мектеп оқушыларына тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздігі, өрттердің алдын алдын алу, өрт орын алған кездегі алғашқы іс-әрекеттер, тұрмыстық электр қондырғыларын қолдану қағидалары жөнінде сабақтар өткізілуде.
Аудан аумағындағы мекемелердің қызметкерлеріне, әсіресе өрт қауіпсіздікке жауапты қызметкерлеріне нұсқаулық жүргізіліп, мекемелер мен ұйымдардың басшыларына өрт қауіпсіздік жаттығуларды жиі өткізуге ұсыныс берілді.