«Құс тұмауы таралуының алдын алу» тақырыбында брифинг өтті.

2020 жылғы 23 қыркүйек күні сағат 10.00-де Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департментінің бастығы генерал-майор Жасұлан Қыдырғожаұлы Жұмашевтың бастамасымен дағдарыс орталығында БҚО Ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Қазыбек Қазиханұлы Ташимов, БҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Ермекұлы Мұстаевтың қатысуымен «Құс тұмауы таралуының алдын алу» тақырыбында брифинг өтті.
Адамдардың өмірін құтқару және сақтау, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қауіпті факторларынан қорғау азаматтық қорғау органдарының негізгі міндеттері.
Ай басынан бері Солтүстік Қазақстан облысының 7 ауданында үй құстарының құс тұмауын жұқтыру ошақтары тіркелді.
Анықтама: ШҚО жұқтырған аудандары: Тимирязев, Тайынша, Жамбыл, Қызылжар, Шал ақын, Ғ. Мүсірепов атындағы, М. Жұмабаев атындағы.
Бүгінгі таңда құс тұмауы еліміздің 4 облысында (Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Павлодар) расталды. Қарағанды облысында зертханалық зерттеулер жүргізілуде.
Құс тұмауы - бұл өткір вирустық ауру, ауыр ағыммен және өлімнің жоғары пайызымен сипатталады.
Құс тұмауының қоздырғышы мұздануға (қатуға) шыдамды және су мен құс саңғырығында ұзақ уақыт өмір сүреді, ал құстың қаңқасында вирус 1 жылға дейін сақталады. Вирус қайнаған кезде ғана өледі.
Адамға құс тұмауының қоздырғышы инфекциялы құстардан ауа тамшылары арқылы жұғады.
Осыған байланысты облыс кәсіпорындарында алдын алу іс-шаралары жүргізілуде.
Бұл жөнінде Ветеринария басқармасының өкілі толығырақ айтып береді.
Қоздырғыш қазіргі уақытта маусымдық қоныс аударатын жабайы жыл құстары арқылы таралуы мүмкін.
Қабылданған шаралар туралы Ауыл шаруашылығы басқармасының өкілі баяндайды.
Қазіргі уақытта құс тұмауының көрші аудандарға таралуы тек қоныс аударатын құстар арқылы ғана емес, сонымен қатар бұрын шығарылған өнімдер арқылы да қауіпті.
Алдын алу шаралары туралы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің өкілі толығырақ баяндайды.
Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындарына негізгі қорғау шараларын ұстануды ұсынады:
иммундық жүйені нығайту, таза ауада серуендеу, үйдегі тазалық, алдын алу үшін дәрумендер мен вирусқа қарсы препараттарды қабылдау;
кәдімгі маусымдық тұмауға қарсы вакцинациядан өту, бұл асқынулардың дамуын бәсеңдетуге көмектеседі және қалпына келу мүмкіндігін арттырады;
тамақты қолданар алдында жұмыртқаны, құс етін қайнаған суға қайнатыңыз;
егер аурған немесе өлген құспен байланыстан кейін тұмаудың алғашқы белгілері пайда болса, сіз дереу дәрігерге жүгінуіңіз қажет.