#ТЖМтұлғалары

Жарияланған күні: 06 ақпан 2026
#ТЖМтұлғалары

Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің төтенше жағдайларды жою басқармасының мамандары төтенше жағдайлар мен олардың салдарын жою саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің жұмысы мен одан әрі дамуын қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, оқу-жаттығулар мен штабтық жаттығуларды жоспарлауды, әзірлеуді және дайындауды жүзеге асырады. Төтенше жағдайлар кезінде авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізеді. Гуманитарлық акцияларды дайындау мен өткізуге қатысады.

Төтенше жағдайларды жоюға арналған Департаменттің кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен бөлімшелерінің дайындығын және тұрақты әзірлігін бақылауды жүзеге асырады. Олардың қызметі төтенше жағдайларды, сондай-ақ олардың салдарын жоюды қамтамасыз етеді.