Спортшыларға арналған тренинг

Дата публикации: 13 марта 2024

Әр спортшы үшін алдағы іс-әрекетке дұрыс көзқараста болу, жеңіске деген жоғары эмоционалды мотивацияны сақтау және қабылдаудың айқындылығын, жылдамдығын, зейінін білдіру маңызды. Бұған спортшылардың арнайы психологиялық дайындықтары қол жеткізуге мүмкіндік береді.

13 наурызда «ҚР ТЖМ БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» РММ  психологиялық қызмет тобы психологиялық дайындық шеңберінде Батыс Қазақстан облысының өрт-құтқару спорты бойынша спортшылар командасымен теориялық  және практикалық сабақтан тұратын тренинг өткізді.

Спортшыларға арналған тренинг эмоционалды тұрақтылықты дамытуға, толқуды жеңе білуге, бірігуге, жарыс кезінде және одан кейінгі әртүрлі кедергілердің теріс әсерінен құтылуға, сондай-ақ, өз-өзін ретке келтіруге үйретуге бағытталған.

Тренингтен кейін спортшылар өткізілген іс-шарадан жағымды әсерлерімен, жағымды көңіл-күй және жеңіске деген эмоционалды мотивацияларымен бөлісті.